КАТАЛОГ
+7 (701) 753-34-98
+7 (727) 338-38-62
+7 (727) 220-97-76

Пн-Пт: 9:00 - 18:00

Сенсационные исторические открытия в новой книге «КАЗАХИ. ИСТОРИЯ И КУЛЬТУРА»

 Қазақ тарихының тағы бір дереккөзі «ҚАЗАҚТАР. ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»

XV–XIX ғасырлардағы қазақтың дәстүрлі қоғамының мәдениеті мен тұрмысын сол кезеңдегі алуан түрлі тарихи иллюстрациялармен кеңінен көрсететін жаңа кітап жарық көрді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатар шыққан бұл кітапты құрастырған АБДИ компаниясының ғылыми баспа орталығы.

Кітапта XIX ғасырдағы Еуропа және Ресей фотографтары мен суретшілерінің қолынан шыққан қазақ тұрмыс-тіршілігі туралы сирек кездесетін, тіпті бұрын белгісіз көне фотографиялар мен картиналар, шетелдік картографтар жасаған қазақ жерінің ескі карталары бар.

Иллюстрациялардың бас-аяғын қосқанда 1700-ге жетеді. Оның 28-і — сирек кездесетін ескі карта, 751-і — фотография, 650-ге жуығы — көркем полотнолар мен алуан түрлі суреттердің көшірмелері. Әрбірі қазақ тарихының құнды дереккөзі.

Кітап авторлары мен құрастырушылар XVIII–XIX ғасырдағы қазақтың атақты хан-сұлтандарының бұрын жарияланбаған көркем портретін көпшілікке ұсынып отыр.

1735 жылы суретші Яган Кассельдің қолынан шыққан түрлі-түсті екі картина Третьяков галереясы мен Орыс музейінен табылды. Түрлі зерттеулерден кейін бұл екі суретте бейнеленген адамның бірі Кіші жүз ханы Әбілқайыр, екіншісі оның ұлы Ералы сұлтан екені анықталды.











Сондай-ақ В.А. Перовскийдің Хиуа жорығына қатысқан суретші В.И. Штернберг 1839 жылы қарындашпен салған сұлтан Баймұхамед Айшуақовтің портреті алғаш жарияланып отыр. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың бас кезіндегі орыстың қылқалам шебері С.Ф. Александровский 1883 жылы Мәскеуге, император Александр ІІІ-нің  таққа отыру салтанатына қазақ даласының түрлі өңірлерінен арнайы келген билер мен сұлтандардың тұтастай портреттерін жасап шықты. Кітапта соның 14-і жарық көрді. Арасында сұлтан Ахмет Кенесарин, генерал-майор Мұхамеджан Баймұхамедов, Ғафур Қалбин, т.б. бар.

Суретші А.Ф. Чернышев (кітапта қайта жаңғыртылған 19 туындысы бар), А.Н. Горонович (5), Т.Г. Шевченко (29), Бр. Залесский (17) және тағы басқалардың суреттерінен қазақтың көшпенді өмірінің тынысы сезіледі. Қазақтың соғыс өнері А.О. Орловскийдің (12), В.В. Верещагиннің (24), Б.П. Виллевальде және басқа да суретшілердің туындыларынан көрінеді. Ал А. де Барбиш, Бр. Залесский, Ф.Г. Солнцев, М.А. Зичи, Н.Н. Каразин қазақ әйелдерінің тамаша бейнелерін жасады. Аталған суретшілер сол кездегі қазақ рухын қылқаламмен суреттеді. Кітапта мұнан өзге қазақтың ұлттық ойын-тойы мен биіне қатысты суреттер мен фотографиялар көп.

Этнографтар Назгүл Байғабатова мен Рақым Бекназаров әзірлеген мәтіндерде қазақ этнографиясының ерекшеліктері толығымен сипатталған; салт-дәстүрі, тұрмысы мен шаруашылығы, аңшылығы мен балықшылық кәсібі, сондай-ақ рухани және материалдық мәдениетіне қатысты маңызды мағлұматтар жинақталған.

Кітапты «АБДИ Компани» акционерлік қоғамының баспа бөлімі Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының зерттеушілерімен бірге жасады және аталған институттың ғылыми кеңесінің шешімімен жарық көрді. Кітап тарих, мәдениет пен өнерсүйер қауымға арналған.












Сенсационные исторические открытия в новой книге «Казахи. История и культура»

Национальная компания АБДИ выпустила новую большую иллюстрированную историю казахского народа. В книге на казахском, русском и английском языках говорится об истории и культуре казахского традиционного общества XV–XIX вв.

Текстовый материал сопровождается большим количеством старинных и редких фотографий, неизвестными и малодоступными репродукциями картин знаменитых художников прошлого с изображениями сцен из кочевой и оседлой жизни казахов, уникальными картами и оригинальными зарисовками.

В книге представлено почти 1700 иллюстраций, среди которых 28 старинных и редких карт, 751 фотография, около 650 различных рисунков и копий художественных полотен. Каждая представленная иллюстрация является важным изобразительным источником по истории и культуре казахского народа и его предков.

Впервые авторы и составители книги предлагают вниманию читателей неизвестные цветные портреты казахской правящей элиты XVIII–XIX века. В 1735 г. созданы два цветных пастельных рисунка Ягана Касселя. Эти рисунки обнаружены нами в собраниях Третьяковской галереи и Русского музея. Благодаря проведенным научным изысканиям установлено, что на них изображены хан Младшего жуза Абулхаир и его сын Ералы. Впервые публикуется беглая карандашная зарисовка портрета султана Баймухамеда Айшуакова, нарисованная в 1839 г. художником В.И. Штернбергом, вольным участником хивинского похода В.А. Перовского. Известный русский живописец второй половины XIX — начала XX в. С.Ф. Александровский создал серию портретов казахской знати — членов посольств и депутаций от различных областей Казахстана, прибывших в Москву во время коронования императора Александра III  в 1883 г. В книге публикуются 14 репродукций с его картин. Среди них портреты султанов Ахмета Кенисарина, генерал-майора Мухамеджана Баймухамедова, Кафура Калбина и др.











Яркий и оригинальный кочевой быт казахов можно увидеть в рисунках А.Ф. Чернышева (в книге представлено 19 репродукций), А.Н. Гороновича (5), Т.Г. Шевченко (29), Бр. Залесского (17) и мн. др. Военное искусство казахов отражено в произведениях А.О. Орловского (12), В.В. Верещагина (24), Б.П. Виллевальде и др. Красочные образы казахских женщин предстают с рисунков А. де Барбиша, Бр. Залесского, Ф.Г. Солнцева, М.А. Зичи, Н.Н. Каразина и др. Художники передали свободный дух далекой эпохи казахского золотого времени. Много репродукций и фотографий различных казахских игр, танцев и развлечений публикуется на страницах издания.

Основное текстовое содержание книги, подготовленное известными казахскими этнографами Н.К. Байгабатовой и Р.А. Бекназаровым, отражает сведения по истории и культуре казахского народа; описывает этнографические особенности, традиционные обычаи и обряды; особое внимание уделено истории хозяйственной деятельности казахов — скотоводству, земледелию, рыболовству, охоте; характеризуются все распространенные народные ремесла и промыслы; отдельно освещены яркие стороны материальной и духовной культуры.

Книга подготовлена к печати коллективом Издательского отдела АО «АБДИ Компани» в сотрудничестве с исследователями Института истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова КН МОН РК. Рекомендована к изданию решением Ученого совета Института истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова.

Адресована широкому кругу читателей.

КУПИТЬ

Последние новости

вверх